Түркістан облысының бюджеті 2018 жылдың қыркүйек-қазан айында бекітіледі. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысының бюджеті 2018 жылдың қыркүйек-қазан айында бекітіледі. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің үкіметтің қоры бар, сол жақтан да ақша алып тұрамыз, тағы бір бөлігін жергілікті бюджеттен аламыз. Нақты соманы айта алмаймын, алдағым келмейді. Қыркүйек-қазан айында осы мәселені нақтылаймыз. Күзге дейін үкіметтен алатын ақша бар. Қазіргі уақытта жергілікті және орталық атқарушы органдармен жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ, Сұлтанов брифинг барысында бюджетті санаған кезде әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне назар аударылатынын айтып өтті.
Еске сала кетейік, кеше, 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық қала мәртебесі беріп, Қазақстанда Түркістан облысының пайда болатыны жайлы айтқан болатын.