Астанада төрт бала суға батып кетті

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада төрт бала суға батып кетті © Тұрар Қазанғапов

Астана маңындағы ауылда таңғы уақытта төрт баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана маңындағы ауылда таңғы уақытта төрт баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балалар 24 маусымда жоғалып кеткен. Кейінірек төртеуінің "Нұра-Есіл" арнасында суға батып кеткені анықталды. Олар шомылуға рұқсат берілмеген жерде ересектердің қадағалауынсыз жүзіп жүрген. Келесі күні олардың денесін құтқарушылар тауып алды. 

"2018 жылдың 25 маусымында таңғы сағат 5:17-де "Пригородный" тұрғын алабының маңында "Нұра-Есіл" арнасынан төрт баланың денесі табылды. Олардың екеуі 2007 жылғы, қалғаны 2006 және 2009 жылы туған балалар. Олар 24 маусымда рұқсат берілмеген жерде суға түсіп, салдарынан суға батып кеткен", - деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.71  course up  594.03  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети