ҰҚК арнайы операциясы: Теракт жасамақ болды деген күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК арнайы операциясы: Теракт жасамақ болды деген күдіктілер ұсталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикал діни топтың әрекетіне тосқауыл болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикал діни топтың әрекетіне тосқауыл болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 25 маусымда Орал қаласында болған. Арнайы операция жүргізу барысында 8 топ мүшесі ұсталғаны, атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдардың алынғаны айтылады.

"Ұсталған адамдар Қазақстан аумағында бірқатар террористік актілер жасауға дайындалған, терроризмді насихаттаған, сондай-ақ мүліктік қылмыстар жасаған деп күдіктелуде. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети