Талдықорғанда ер адам өз баласын кепілге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қаланың 4-ықшамауданында болған.
Талдықорғанда ер адам өз баласын кепілге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қаланың 4-ықшамауданында болған.
Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
"Ер адам өз баласын кепілге алды. 4-ықшамаудан. Әйелі көрші подъезде, құқық қорғау органдары жұртқа ескерту жасады", - деп хабарлады куәгер.
Қалалық ІІД өкілдері ер адамның ұсталғанын хабарлады. Ол баласының үстіне тез жанатын сұйықтық құйған. Оқиға орнында арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр.
"Ер адам ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Полициядағылар оқиғаның мән-жайын кейінірек хабарлауға уәде берді.