Қостанайда велосипедшіні қаққан жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда велосипедшіні қаққан жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған © pixabay.com

Қостанайда жүргізуші дүкен маңында велосипедпен жүрген жасөспірімді қағып, оқиға болған жерден кетіп қалды, - деп хабарлайды Alau.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жүргізуші дүкен маңында велосипедпен жүрген жасөспірімді қағып, оқиға болған жерден кетіп қалды, - деп хабарлайды Alau.kz.

Жасөспірімнің әпкесі Ирина Андрееваның айтуынша, ол велосипедпен жаттығудан қайтып келе жатқан. Тұрақ ішімен "Юбилейный" дүкенінің маңынан өтіп бара жатқанда жүргізушінің көлігімен артқа қарай жүргенін көрген. 

"Ол тоқтап, көліктің алдынан өткісі келген. Кейін бірнеше соққы болды. Салдарынан туысым жолға ұшып кетті. Жүргізуші, кішкентай бала сияқты қолын сермеп, кетіп қалған екен. Ал бала күйзеліс жағдайында, жылап үйге оралды. Қорқып қалыпты. Жүргізуші көлігінен де шықпаған. Інім басымен соғылып, миы шайқалған, беті ісіп кеткен, денесі жараланған", - дейді Ирина Андреева.

Бала жақындарына көлік Reno маркалы, түсі ақ, сары жолақтары бар екенін айтты. Туысқандары полицияға хабарласып, қазіргі уақытта куәгерлер іздестіріліп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.4  course up  594.29  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети