Денис Тенге ота жасалып жатыр: Мәнерлеп сырғанаушы ауыр жағдайда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тенге ота жасалып жатыр: Мәнерлеп сырғанаушы ауыр жағдайда © REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денис Теннің Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқаны айтылады.

"Ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, ота жасалып жатыр. Үш литр қан жоғалтты", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Мұның алдында Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені хабарланған болатын. 

Денист Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети