20 шілде 2018 | 11:16

Астана қалалық МКД басшысы тағайындалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2018 жылдың 9 шілдесіндегі бұйрығы бойынша, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Бауыржан Айнабеков тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2018 жылдың 9 шілдесіндегі бұйрығы бойынша, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Бауыржан Айнабеков тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа басшыны ұжымға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев таныстырды.

Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы 1971 жылы 25 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. 

1994 жылы Қазақ Аграрлық Еңбек Қызыл Ту орденінің "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономика және менеджмент" мамандын бітірді.

2007 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша Алматыдағы үздіксіз білім беру университетінде екінші жоғары білім алған.

Қаржы жүйесінде 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Ол салық инспекторынан бастап кафедра меңгерушісіне дейін жұмыс атқарған. 

 2011 жылы Айнабеков Б.К. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасы "Тәжікстан Республикасының 20 жылдығы" мерейтойлық медалімен марапатталды.

2013 жылы ұлттық валюта - теңгенің күніне орай Алматы облысының "Нұр Отан" партиясының Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Құрмет грамотасымен марапатталды.

2014 жылы "Салық қызметінің үздік қызметкері" белгісімен марапатталды. 2016 жылы "Тәжікстан Республикасының 25-жылдығы" мерейтойлық медалімен марапатталды; 2017 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Отбасы жағдайы: үйленген, үш баласы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети