Петропавлда коммуналдық базар өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда коммуналдық базар өртенді © ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Петропавл қаласында "Қызылжар" коммуналдық базары өртенді, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл қаласында "Қызылжар" коммуналдық базары өртенді, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Таңғы сағат 10 кезінде басталған қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамның 45 жауынгері мен 14 арнайы техникасы жұмылдырылды. Екі сағаттан астам уақыт өтсе де, тілсіз жауды ауыздықтау шаралары жалғасты. Осыған байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынның неден шыққаны әзірге белгісіз. Келтірілген шығын көлемі алдағы уақытта анықталатын болады.

"Қазіргі таңда жағдай жіті бақылауда. Түтіннің кесірінен жұмыс істеу қиынға соқты. Бұрын аталған сауда орнында өрт қауіпсіздігіне қатысты қателіктер анықталып, ескерту жасалған болатын. Жалпы оқиға орнынан 90-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді", - деді облыстық ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.4  course up  594.29  course up  6.5  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети