Ақтөбеде оқушылар сөйлейтін қолғап жасап шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде оқушылар сөйлейтін қолғап жасап шығарды

Ақтөбелік жас өнертапқыштар сөйлейтін қолғап жасап шығарды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік жас өнертапқыштар сөйлейтін қолғап жасап шығарды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ғажайып бұйым түрлі түсті сымдармен және заманауи құрылғылармен толықтырылған. Арнайы сенсорлар ымдау тілін Bluetooth арқылы телефон бетіне түсіреді. Бұл тілінің мүкістігі бар адамдар үшін таптырмас көмекші құрал болмақ. Әзірге оқушылар қолғапқа тек отызға жуық сөзді жүктеген. Яғни, ишарат арқылы бұл сөздерді ағылшын тілінде жеткізеді. Қазақшаға аудару да қиын емес. Бастысы, соңғы үлгідегі компьютерлердің бірі қажет. Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары жасаған қолғап Якутияда өткен халықаралық ғылыми конференцияда Бас жүлдені иемденген. Жас өнертапқыштар бес мың АҚШ доллары болатын жүлде қорын жобаны одан әрі жетілдіруге жұмсамақшы.

"Ұтқан жүлдемізді жобаны одан әрі іске асыру үшін жұмсаймыз. Прототипті жақсартамыз және әртүрлі мезгілге арналған жылы қолғаптар жасаймыз. Әдемі дизайнға келтіреміз. Қыркүйекте мектепке келген кезде құқық пәнінің ұстаздарымен сөйлесіп, патент аламыз деп ойлаймыз", - деді оқушы Нұрдәулет Таумергенов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.4  course up  594.29  course up  6.5  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети