Алматыда үй қызметшісі 600 мың теңге ұрлап кеткен

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үй қызметшісі 600 мың теңге ұрлап кеткен © nvdaily.ru

Алматыда үй қызметшісі 600 мың теңге тұратын құнды заттарды ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үй қызметшісі 600 мың теңге тұратын құнды заттарды ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап. 

Әйелге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2015 жылы қарашада С. үй қызметшісі болып Д-ның үйінде жұмыс істеген. Қағаз жүзінде шарт жасаспаған. Ол жатын бөлмедегі шкаф сөресінің үстінен құны 300 000 теңге тұратын кулоны бар алтын алқа мен тағы 300 000 теңге тұратын ақ тасы бар сырғаны байқайды. Ол бағалы заттар Д.-ға тиесілі болған. 

"Сол уақытта С.-ға ұрлық жасау туралы ой келеді. Оны ешкім көріп тұрмағанына көз жеткізген ол, алтын бұйымдарды ұрлап кетеді. Одан кейін С. жұмыстан шығып, ұрланған заттарды ломбардқа салып тастайды. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан", - деп хабарлады соттағылар.

Іс Түрксіб ауданы сотында қаралды. Әйел кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінішін білдірді. Ол 2 жыл бас бостандығынан айырылды. Шешім заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.4  course up  594.29  course up  6.5  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети