Жоғалғанына 8 тәулік өткен өрт сөндіруші Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғалғанына 8 тәулік өткен өрт сөндіруші Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция өкілдері ер адамның үйден не себепті кетіп қалғанын айтты.
"Ол 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні Бостандық ауданынан табылды. Үйден отбасындағы жағдайға және жеке себептермен кетіп қалған", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі Салтанат Әзірбек.
33 жастағы Наркен Жұматаев 23 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Туысының айтуынша, ол 23 шілдеде Көкшетаудан Алматыға келген. Ол онда оқуға түскен. Оның әйелі мен екі баласы бар.