Ақтөбеде оқушыны ұрып-соққан мектеп инспекторы жұмыстан босатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде оқушыны ұрып-соққан мектеп инспекторы жұмыстан босатылады © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде № 2 орта мектебінде оқушыны ұрып-соққан инспектор құқық қорғау органдары қызметінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде № 2 орта мектебінде оқушыны ұрып-соққан инспектор құқық қорғау органдары қызметінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ақтһбенің № 2 орта мектебінде оқиын оқушының ата-анасының арызы бойынша, Ақтөбе облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша, кәмелет жасқа толмаған балалар ісі бойынша жұмыс істейтін инспектор, полиция лейтенанты С. Ермағамбетов ішкі істер органдарынан босатылуы туралы хаттама ұсынылды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сондай-ақ, Ақтөбе ІІБ Ілек полиция бөлімшесінің басшысы қатаң тәртіптік жазаға тартылады. 

Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында Ақтөбедегі № 2 орта мектебінде инспектордың сабаққа мектеп формасын кимеген оқушыны ұрып соққаны туралы хабарлама жарияланған. Бұл оқиғаның 22 қыркүйекте болғаны айтылады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aktobe Zello - Official Page (@aktobe_zello)

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети