МакГрегор мен Нурмагомедовтың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

МакГрегор мен Нурмагомедовтың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады? © Noah K. Murray-USA TODAY Sports

7 қазанда UFC 229 турнирі аясында ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың жекпе-жегі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


7 қазанда UFC 229 турнирі аясында ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың жекпе-жегі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нурмагомедов жеңіл салмақта чемпиондық белбеуін қорғайды. Биыл сәуірде ресейлік спортшы америкалық Эл Яквинтаны жеңіп, осы титулды иеленген еді. 

Басты кездесу 7 қазанда Астана уақыты бойынша таңғы 7:50-де басталады. Qazsport телеарнасы осы шараны тікелей эфирден көрсетеді. 

Сонымен қатар, турнир аясында танымал файтерлер шығады - Тони Фергюсон мен Энтони Петтис. Октагонда ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген америкалық Деррик Льюис пен ресейлік Александр Волков та кездеседі. 

7 сәуірде өткен Нурмагомедовтың жекпе-жегінің алдында ирландиялық файтер UFC 223 турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасаған еді. Содан кейін оны полиция қамауға алды. Сот отырысында МакГрегор босатылды. 

Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 26 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы болған Конор Макгрегор 24 жекпе-жек өткізіп, 21-нде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген. 2016 жылдың күзінен бері ирландиялық октагонға шықпаған. 

UFC титулы үшін өтетін жекпе-жектің екінші баспасөз конференциясы 4 қазанда Лас-Вегаста өтеді. 

Читайте также

Валюта бағамы

 474.42   540.58   6.07 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +15
Ақтау +19
Ақтөбе +16
Атырау +18
Б
Балқаш +14
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +15
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +16
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +23
С
Семей +19
Т
Талдықорған +18
Тараз +18
Түркістан +17
О
Орал +18
Ө
Өскемен +16
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер