Қазақстандықтар Ресейге 148 миллиард теңге жөнелткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Ресейге 148 миллиард теңге жөнелткен © Тұрар Қазанғапов

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ақша аударым жүйесі арқылы Қазақстанның жеке тұлғалары шетелге аударған қаржының көлемі 380,1 миллиард теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ақша аударым жүйесі арқылы Қазақстанның жеке тұлғалары шетелге аударған қаржының көлемі 380,1 миллиард теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,5 пайызға жоғары. Өткен жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 25,2 пайызға жоғары болған. Биыл сегіз ай ішінде жүргізілген транзакциялардың саны 1,8 миллион болған, ол өткен жылдан 9,3 пайызға жоғары.

Аударымдардың басым бөлігі Ресейге жасалған. Аударылған сома - 147,8 миллиард теңге. Бір жылдағы өсім - 27,2 пайыз. Алайда аударылған қаржының жалпы көлемі ішінде шет мемлекеттердің үлесі төмендеген - 39-дан 38,9 пайызға дейін.

Одан кейінгі орында Өзбекстан тұр. Бұл елге 72,6 миллиард теңге аударылған, көрсеткіш бір жылда 33,1 пайызға өскен. Елдің үлесі 18,3-тен 19,1 пайызға жоғарылаған. Көш басындағы үштікте Түркия бар - 41,3 миллиард теңге, өсім - 89 пайыз. Үлесі 7,3-тен 10,9 пайызға артқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course down  589.73  course down  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети