Ербол Рақымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ербол Рақымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды © Тұрар Қазанғапов

Ербол Рақымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің 2018 жылы 9 қазандағы №768 қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ербол Рақымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің 2018 жылы 9 қазандағы №768 қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласының сот төрағасы болып тағайындалғанға дейін, Ербол Рақымбеков ҚР Жоғарғы сотта судья қызметін атқарған. 

Ербол Рақымбековтің жасы 54-те. 2014-2015 жылдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болды. Осы уақыт аралығында Ербол Рақымбеков бірнеше атышулы істерді қарады: Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы болған Мұрат Оспановтың ісі; бұрынғы ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряевтің ісі; елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиев ("Әліби ісі"); өз әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовтің ісі. 

Сонымен қатар, Ербол Рақымбеков Астанада 18 жастағы қызды өлтірген үш құрбыны ұзақ мерзімге соттады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course down  589.73  course down  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети