Алматы облысы Сарқан ауданына жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Сарқан ауданына жаңа әкім тағайындалды Марат Мелісұлы Разбеков.

Алматы облысы Сарқан ауданына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Сарқан ауданына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың өкіміммен Марат Мелісұлы Разбеков Сарқан ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Марат  Разбеков 1966 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін орман шаруашылығының инженері, экономист-есепші мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Сарқан қаласындағы Сарқан шарап зауытында және Сарқан орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.

Әр жылдары Сарқан ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, Талдықорған қаласындағы "Сервис центр" ЖШС есепшісі, Алматы облысы бойынша салық комитетінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Салық төлеушілерді тіркеу және Салық әкімшілігін жүргізу басқармаларының бастығы, Талдықорған қаласы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас салық инспекторы, Сарқан ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары болды.

 2010 жылдың желтоқсан айынан  Сарқан ауданы әкімінің орынбасары болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.6  course down  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети