Назарбаевтың еуротуры жалғасуда. Президент Бельгия королімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевтың еуротуры жалғасуда. Президент Бельгия королімен кездесті © Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгияға сапары жалғасып жатыр. Қазақстан Президенті бельгиялық король Филиппен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгияға сапары жалғасып жатыр. Қазақстан Президенті бельгиялық король Филиппен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бельгия королімен кездесу БАҚ өкілдері үшін жабық түрде өтті. Осы кездесуден соң, Назарбаев бельгиялық кәсіпкерлермен кездеседі деп жоспарланған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Азия-Еуропа" (АСЕМ) форумының XII саммитіне қатысады. 

 

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында қос тарап саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада қазақстандық-бельгиялық әріптестікті және бүгінде маңызды халықаралық мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы, Қазақстан мен Бельгияны түсіністік пен сыйластық негізінде бұрыннан қалыптасқан достық қарым-қатынас байланыстыратынын мәлімдеді. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне сапармен барды. Назарбаев 16-17 қазанда Финляндияда болды. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысты.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.03   540.58   6.07 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +16
Астана +23
Ақтау +29
Ақтөбе +25
Атырау +31
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +30
П
Павлодар +20
Петропавл +25
С
Семей +17
Т
Талдықорған +29
Тараз +31
Түркістан +29
О
Орал +30
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер