Қазақстандық хирургтар өте сирек пластикалық отаны жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық хирургтар өте сирек пластикалық отаны жасады Сурет:pixabay.com

Қазақстанда тұңғыш рет қатерлі ісікті алып тастағаннан кейін, бұлшықеттерді қалпына келтіруге арналған пластикалық хирургия отасы жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл аса ауыр отаны әлем бойынша тәжірибе жүзінде қолданып жүргенге 15 жылдан асты. Осы тәжірибесімен бөлісуге Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында бірегей операцияларды жүргізген, танымал үндістандық микрохирург Алматыға келді. 

Мұндай пластикалық ота шетелде қымбат тұратыны анықталды. Алайда үндістандық микрохирургтың арқасында, өте сирек ота ондаған қазақстандықтарға жасалады. "Бұл отаны міндетті түрде жалғастыру керек, себебі тек қатерлі ісікті алып тастаған кезде ғана емес, сондай-ақ иық жарақатын алған кезде қолдануға болады", деді пластикалық микрохирург Пудишор Менкишор. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети