Алматы облыстық ТЖД басшысы үй қамауына алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық ТЖД басшысы үй қамауына алынды Видеодан алынған кадр

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттағылардың мәліметінше, 19 қазанда Талдықорғанның тергеу соты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысын 2 айға үй қамауына алу туралы санкция шығарды.

Еске сала кетейік, осыған дейін облыстық ТЖД басшысының пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. "Ол Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің басшысынан азаматтарды жұмысқа алғаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деген еді осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети