Астанада полицейді қаққан жүргізушінің мас болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейді қаққан жүргізушінің мас болғаны анықталды Видеодан алынған кадр

Астанада жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, қашып кетпек болған тәртіп бұзушы Volkswagen Touareg тізгінінде мас күйде болған.

"35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. (...) Жүргізушінің мас болғаны анықталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Ер адам қарсылық көрсеткенде полицейлердің бірінің жарақат алғаны айтылады. Кейінірек ол ауруханаға жеткізілген.

"Ізіне полицейлер түскен кезде ол заң талаптарына жауап бермеген соң қызметкерлер оның акөлігінің дөңгелектеріне екі рет оқ атты. Бірақ тәртіп бұзушы мұны елемей, ары қарай оқ атылған дөңгелектерімен қаша берді. Тіпті оны жол қиылысында тоқтатуға тырысқан полицейді де қағып кетті", - деген еді осыған дейін ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA АСТАНА (@vastane.kz)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети