Алдағы күндері Астанада күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері Астанада күн суытады

Астанада ауа райы -4 градусқа дейін төмендеп қар, боран болады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.


Астанада ауа райы -4 градусқа дейін төмендеп қар, боран болады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Сейсенбі, 30 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болып арты қарға ұласады. Күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр, түнде және күндіз ауа температурасы шамамен 0 градус, күндіз ауа температурасы төмендейді.

31 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, боран соғады. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, ауа температурасы түнде -5-7 градус, күндіз -2-4 градус. 1 қарашада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қар жауады, боран соғады. Жел батыстан 9-14, таңертең және күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр, ауа температурасы түнде -7-9 градус, күндіз -1-3 градус.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 499.49  course up  580.27  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети