Назарбаев Сауд Арабиясының ІІМ басшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Сауд Арабиясының ІІМ басшысымен кездесті

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифтің зор үлес қосқанын атап өтті.

"Сауд Арабиясы - ислам әлеміндегі біздің маңызды әрі сенімді серіктесіміз. Біз екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Сондықтан мен Сауд Арабиясының Королі Салманды және Тақ мұрагерін Қазақстанға шақырдым", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі кездесуге мүмкіндік алғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылық білдіріп, Қазақстанға Сауд Арабиясының жоғары басшылығының тапсырмасы бойынша келгенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course down  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети