01 қараша 2018 | 18:44

Президент Әлібек Дінішевті құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевтің Қазақстан мәдениеті мен өнерін дамыту және ілгерілету ісіндегі айрықша рөлі мен сіңірген еңбегін атап өтті.

Мемлекет басшысы халық әртісінің Астана қаласы мен бүкіл тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үдерістеріне куә болып, белсенді атсалысып келе жатқанын айтты.

Назарбаев Дінішевті елорданың 20 жылдығына орай "Астана Опера" театрында қойған концертінің табысты өтуімен құттықтады. 

Халық әртісі Қазақстан Президентінің шығармашылық саласындағы саясатына және мемлекеттің өнер қайраткерлеріне қолдау көрсетіп отырғанына ризашылық білдірді.

"Мен Астананың мерейтойын атап өтуге үлес қосуды парызым деп білемін. Егемен еліміздің мәдениетін қалыптастыру кезінде Сізбен бірге болғанымды мақтан етемін. Бұл жолда көптеген қиыншылықтар еңсерілді. Қазір бәрі түбегейлі өзгерді, театрларға керемет жағдай жасалды. "Астана Опера" - соның жарқын мысалы. Оның сахнасында ән айту - зор қуаныш", - деді Әлібек Дінішев.

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 491.74   538.64   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети