Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады © photo.bymedia.net

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 9 қарашада бірнеше өңірде жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.

9 қарашада Көкшетауда көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде де көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с күшейеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Өскеменде де жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) жауып, бұрқасын,  көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Семейде жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +14
Астана +15
Ақтау +21
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +15
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +18
Қызылорда +19
П
Павлодар +16
Петропавл +18
С
Семей +15
Т
Талдықорған +20
Тараз +21
Түркістан +17
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер