Қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасы көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасы көрсетілді © Instagram.com/mvd.kaz

Ішкі істер министрлігінің өкілдері қазақстандық полицейлердің жаңа нысанды киімінің жобасын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомстводағылар форманың суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.


ІІМ мәліметінше, полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген. 

"Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді. Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар - оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы.

Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады", - деді ІІМ өкілдері.

Ведомстводағылар осы форманың жаңа үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуды сұрады.


©instagram.com/mvd.kaz

Еске салайық, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов еліміздегі полицейлердің формасы қалай өзгеретінін айтып берген еді. "(...) Кительді өзгертеміз, әйтпесе ол қазір тым ресми", - деп жауап берген болатын министр.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +19
Ақтау +23
Ақтөбе +22
Атырау +25
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +22
П
Павлодар +16
Петропавл +21
С
Семей +21
Т
Талдықорған +18
Тараз +22
Түркістан +23
О
Орал +19
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер