"Гранттарымен және шәкіртақыларымен алдайды". Назарбаев жастардың елден кетуі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Гранттарымен және шәкіртақыларымен алдайды". Назарбаев жастардың елден кетуі жайлы © usolie.info

Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында жастардың Қазақстаннан кету проблемасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында жастардың Қазақстаннан кету проблемасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы мұндай проблеманың бар екенін және оның осыған дейін де болғанын айтты. Айтуынша, өзге елдегілер түлектерге ЖОО-ға түсу үшін қолайлы жағдайлар ұсынады.

"Бізде осындай проблема бар, осыған дейін де болған. Бірақ былтырдан бастап көші-қон төмендеп жатыр. ЖОО-лар оңай емтихандармен, гранттармен және шәкіртақылармен алдап жатыр, содан жастар сонда кетіп жатыр", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жастардың Қазақстанның кетпеуі үшін білім беру саласы мен медицинаны жетілдіруге қажеттігін айтты.

"Білім беру гранттарын беру үшін университеттеріміздің деңгейін көтеруіміз керек. Меніңше, біз өзіміздің елге келіп оқитындай, емделетіндей жағдай аламыз. Медицина мен білім беру жетілсе, адамдар да біздің елде өмір сүріп, жұмыс істегісі келеді. Жалпы айтқанда халық саны өсіп жатыр. Бізге де Ресей, Қытай елдерінен келіп жатыр. Түркиядан да келеді", - деді Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети