Асхат Оразбай Ирандағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асхат Оразбай Ирандағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды Асхат Оразбай. © mfa.kz

Асхат Оразбай Ирандағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Асхат Оразбай Ирандағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай 1960 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Бұрындары СІМ екі ел одақтастығы департаменті басшысының орынбасары, Ауғанстан мәселесі бойынша БҰҰ-ның Арнайы миссиясының саяси кеңесшісі, СІМ Африка және Таяу Шығыс, Азия департаментінің директоры, үрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған. 2012 жылы Индонезия елшісі, ал 2015 жылы Филиппин елшісі болып тағайындалды. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети