Астаналық полицейлер Fatality көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық полицейлер Fatality көрсетті

iKomek бақылау және жедел әрекет ету орталығының қызметкерлері полицейлердің әйгілі Mortal Kombat әуенімен бұзақыларды қалай ұстағанын бейнежазба арқылы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Авторлар бейнежазбада полицейлердің бұзақыларды ұстап алған сәтін Fatality деп атаған.

"Бейнежазба 6 қаңтапда түңгі сағат 03.22 түсірілген. Үш ер адам ұсталып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс тіркелді. Олар бақылау және жедел әрекет ету орталығының бейнежазбасына түсіп қалған. Одан кейін полиция патрулі шақыртылған" - деп хабарлады iKomek өкілдері.

Айта кетейік, орталық алты мың бейнежазба арқылы 24 сағат бойы қаланың қауіпсіздігін қадағалайды, камерада көрінген бұзақылықты орталық қызметкерлері полицияға хабарлайды.

iKomek-те кезекші қызмет бар, "109" нөміріне тұрғындар кез келген туындаған сұрақ пен арызын айтып, хабарласа алады. Орталықтың мәліметінше, тұрғындар ішкі істер органдарына арыз жазып, бейнежазбаны көруге рұқсат алады. Мысалы, сіз полицияға арыз жазып, өзіңізге керек жерде орналасқан бейнежазбаны көре аласыз. Fatality (ағылшын тілінен аударғанда - "жазмыш") - геймплей элементі. Mortal Kombat топтама ойындарында кездеседі. Бұл қарсыласқа жасалатын, ойынды аяқтайтын соңғы іс-әрекет.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети