БҚО-да автожолда бірден жеті жүк көлігі соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да автожолда бірден жеті жүк көлігі соқтығысты © "Мой город"

Қазақстанның батысында Самара - Шымкент автожолында бірден жеті жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.


Қазақстанның батысында Самара - Шымкент автожолында бірден жеті жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 29 қаңтарда сағат 11.40-та автожолдың 344-шақырымында болған.

"Тасжолда жеті жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына алдағы көлік құралының тоқтап қалуы себеп болған. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен "Қазавтожол" ЖШС өкілдері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Басылымның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети