25 жастағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста бесінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
25 жастағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста бесінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық Стивен Мартинес болды. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында Фриско қаласында өтті. Кездесу бесінші раундта аяқталды.
Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсірді, сондай-ақ үшінші раундта америкалық нокдаунға түскен.
Жәнібек Әлімханұлы - әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Ол 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды, Олимпиада ойындарының қатысушысы.