Қарағандыда патруль көлігі жол апатына ұшырады: Ер адам қаза тапты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда патруль көлігі жол апатына ұшырады: Ер адам қаза тапты © Lada.kz

Қарағандыда жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы жолақтағы патруль көлігімен соқтығысып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NV.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қарағандыда жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы жолақтағы патруль көлігімен соқтығысып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NV.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 4 ақпанда болды.

Audi жүргізушісі кондитерлік фабрика жаққа келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Нәтижесінде Mercedes-Benz автокөлігімен, кейін УАЗ қызметтік көлікпен соқтығысқан", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Audi жүргізген ер адам ауруханаға түскен бетте көз жұмды. Сондай-ақ, қызметтік көліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Іс бойынша тиісті сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети