Алматыда мас полицей жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мас полицей жол апатына ұшырады видеодан үзінді

Алматыда мас полицей жол апатына ұшырады. ІІМ өкілдері оның сол күні жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мас полицей жол апатына ұшырады. ІІМ өкілдері оның сол күні жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

YouTube хостингінде тараған видеода полицей формасын киген ер адамның соқтығысқан көліктің жанында жатқаны, кейінірек оның полиция учаскесінде отырғаны көрінеді. Видеода ер адам бетін күртесімен жауып тұр.

"Алматы полициясы департаментінің Жергілікті полиция қызметі жанындағы патрульдік полиция полкінің заңға қайшы әрекеті бойынша Алматы қаласы Жансүгіров көшесі бойында Nissan автомобилі Hyundai маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Бүгінде полиция қызметкері жұмыс істемейді. Полиция департаменті басшысының 23 ақпандағы бұйрығымен ол ішкі істер органдарынан босатылды", - деді министрдің кеңесшісі, ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шекпеген. 

Бұрынғы полицей ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы заңының 608-бабы 3-бөлігі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети