Талдықорғанда студент өртеніп жатқан пәтерден екі қызды құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда студент өртеніп жатқан пәтерден екі қызды құтқарып қалды Tengrinews.kz фотоколлажы

Алматы облысында студент өртеніп жатқан пәтерден екі қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында студент өртеніп жатқан пәтерден екі қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт 6 наурызда сағат 11-де Талдықорғанның орталығында болған. Пәтерде ересектер болмапты: сегіз және екі жастағы қыздардың анасы шаруаларымен кетіп қалған.

"Сағат 11:30-ға қарай болды. Университетке сабаққа бара жатқанмын. Баланың айғайын естідім, балконнан "Көмектесіңдер, көмектесіңдер!" айғайлап жатыр екен. Түтінді байқадым, екінші қабаттағы пәтерден шығып жатты. Алдымен 101-ге хабарластым, диспетчер құтқарушылар тобы шыққанын айтты. Кейін подъездге қарай жүгіре жөнелдім. Пәтерге кіруге тырысып едім, есігі жабық екен. Көшеге шықтым да, құбырлар арқылы балконға көтерілдім. Арасындағы үлкен қыз сіңлісін алып келді. Екеуін біртіндеп жерге түсірдім. Сол сәтте бір ер адам көмекке келген, ол астында күтіп алып тұрды", - дейді Арман Бақтыбай.

Өрттің болғанын ҚР ІІМ ТЖК растады.

"Оқиға орнына келген соң ұялы телефон қосылған электр құрылғысының (ұзартқыш) қысқа тұйықталғаны анықталды. Пәтерде 2011 және 2017 жылы туған екі қыз болды, сыртқы есік кілттелген. Бұл уақытта ата-аналары жұмыста болыпты. Үлкен қызы түтіннің шыққанын байқап, көпқабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден көмекке шақыра бастаған. Оны Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Арман Бақтыбай (2000 жылы туған) естіп қалған, ол газ мұржасы арқылы екінші қабатқа көтерліп, екі қызды да терезеден алып шықты. Балалардың өмірін құтқарған жасөспірімді енді Алматы облысы ТЖ жөніндегі департаменті осы қаһармандығы үшін марапаттайды", - деді ведомстводағылар.

Алматы облысы ТЖД-дан оқиға орнына жеке құрамның жеті адамы мен үш техника барды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети