Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды © Тұрар Қазанғапов

Астанада 8 наурызда таңертең және күндіз боран соғып, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 8 наурызда таңертең және күндіз боран соғып, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

2019 жылғы 7 наурыз 21.00-ден 8 наурыз 21.00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

"8 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр. Астана: 8 наурызда таңертең және күндіз боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Дауылдың ықтималдығы-90 пайыз", - делінген хабарламада.

15.37 жағдай бойынша жүк автомобильдері үшін Қостанай - Әулиекөл - Сұрған автожолдары 180-ден 232 шақырымға дейін және Өскемен - Зырян - Рахман қайнарлары 46-ден 66 шақырымға дейін жабық. Әулиекөл селосы - Ақмола облысының шекарасы учаскесінде бұрқасын және көрінудің шектелуіне байланысты қозғалыс шектелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети