ҚР ІІМ ҚАЖК басшысы өз орынбасарының ұсталуына байланысты жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ ҚАЖК басшысы өз орынбасарының ұсталуына байланысты жазаланды Азамат Базылбеков. © facebook

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков орынбасарының ағаттығы үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков орынбасарының ағаттығы үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін Батыс Қазақстан облыстық арнайы прокуратура мен облыстық полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, төрағаның бірінші орынбасары Бекболат Төремұратовты ұстағаны туралы хабарланған еді. 

Кейінірек ІІМ қызметтік тексеру жүргізді, оның нәтижесі тәртіптік комиссия отырысында қаралды. 

"Қызметтік тәртіпті өрескел бұзып, құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін Төремұратов теріс уәж себептерімен ішкі істер органдарынан босатылды. Сондай-ақ, оның тікелей басшысы - ҚАЖК төрағасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети