25 наурызда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 наурызда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 25 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" 25 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, тек республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.;

Қостанай облысында желдің екпіні секундына 23 метр болады;

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі;

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жел соғады;

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады;

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі;

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети