Қайнаған сумен клизма: Шымкентте бас дәрігер айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайнаған сумен клизма: Шымкентте бас дәрігер айыппұл арқалады

Шымкентте балаға қайнаған сумен клизма жасаған бас дәрігер айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте балаға қайнаған сумен клизма жасаған бас дәрігер айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, клизма жасаған лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданды.

"ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде дәрігер - инфекционистің клиникадағы қызметтерді рұқсатсыз жүргізгені және еңбек өтілі жоқ медбикенің осы процедураға қатысқаны анықталды", - деп хабарлады комиттеттегілер.

Тексеріс қорытындысынан соң екі медбике жұмыстан шығарылған. Сондай-ақ, бас дәрігерге 45 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Комитеттегілердің мәліметінше, іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы аса ауыр емес, тұрақты. Балаға ректоскопия жасалды. (...) Барлығы министрліктің бақылауында", - деп хабарлады комитеттегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети