Белгілі промоутер Головкиннің Қазақстандағы ізбасарын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі промоутер Головкиннің Қазақстандағы ізбасарын атады Геннадий Головкин. Фото: HBO Boxing

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум өзінің клиенті - орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (5-0, 2 КО) өз бағасын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Әлімханұлы Геннадий Головкиннің ізбасары болады деп сенемін. Оның үстіне, екеуі де Қазақстаннан. Жәнібек - тамаша таланты бар боксшы. Оны жұмадағы кеште көресіздер", - деді Арум. 

12 сәуірде Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты, АҚШ) Staples Center аренасында Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасады. Боксшылар бұл жекпе-жекте WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын сарапқа салады. 

Кездесу елорда уақытымен 13 сәуірде 07:00-де басталады. Жекпе-жекті QazSport және Qazaqstan телеарналары көрсетпек. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети