Қазақстанда төрт өзбекстандық жалған құжатпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда төрт өзбекстандық жалған құжатпен ұсталды Фото: otyrar.kz

Қазақстандық шекарашылар елге жалған құжатпен кіргісі келген төрт өзбекстандықты ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шекарашылар елге жалған құжатпен кіргісі келген төрт өзбекстандықты ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Деректердің бірі "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында тіркелген. Шекаралық бақылау кезінде "Нұр-Сұлтан - Ташкент" рейсінен 1996 жылғы өзбекстандық ұсталды. Оның құжатындағы көші-қон полиция органының мөрі жалған болып шықты.

ҚР ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Сарыағаш шекаралық жасағының учаскесіндегі "Жібер Жолы" кіру пунктінде осындай тағы үш дерек тіркелген. Мұнда Алматы облысы көші-қон полициясы органының мөрін қолдан жасап алған үш өзбекстандық ұсталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети