Стендап-комик инсульт жайлы әзілдеп тұрған жерінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стендап-комик инсульт жайлы әзілдеп тұрған жерінде қайтыс болды Иэн Когнито

Ұлыбританиялық әзілкеш Иэн Когнито (шын есімі Paul Barbieri) Бистер қаласындағы кафелердің бірінде сахнада өнер көрсетіп тұрған жерінде қайтыс болды. Соңғы кездері 60 жастағы әртістің денсаулығы сыр беріп жүрген, алайда ол сахнаға шығып, өзінің денсаулығы жайлы әзілдейтін болған, - деп хабарлайды The Daily Mail

"Ойлап көріңіздерші, сіздердің алдарыңызда тұрып өліп кетсем", - деді ол. Осының айтқаннан кейін тағы он минут бойы басқа да әзілдер айтқан. 

Бір кезде ол терең тыныстап, орындыққа отырып үнсіз қалған. Көрермендер одан әзіл күтіп, бұл оның сценарийі бойынша болып жатқан құбылыс екен деп ойлаған. Тек бес минуттан соң Эндрю Берд есімді комик сахнаға шығып, жолдасының халін білмекші болған. 

"Барлығы да, мен де оны әзілдеп отыр екен дедік. Мен сахнаға көтеріліп, оның қолынан ұстағанымда ол дауыстап "Бу!" деп айғай салатынын күттім", - дейді Берд.

Көрермендер арасында болған екі медбике мен полицей Когнитоға алғашқы көмек көрсеткен. Жедел жәрдем шақырған. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады: жедел жәрдем дәрігері оның қайтыс болғанын айтқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети