Орал маңында жол апаты болып, бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал маңында жол апаты болып, бір адам қаза тапты Фото: ruinformer.com

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Мой Городқа" сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Мой Городқа" сілтеме жасап. 

Оқиға 14 сәуірде, шамамен, 17.00-де Орал - Ақсай тасжолында болған. 

"Volkswagen маркалы автокөліктің рөліндегі ер адам Ақсайдан Оралға қарай бет алған. Бірақ тізгінге ие бола алмай, көлік жол шетіне шығып кеткен. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің өкілдері. 

Ал БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жол апаты салдарынан бір адамның қаза тапқанын мәлім етті. 

"33 жастағы ер адам алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды. 27 жастағы тағы бір ер адам комаға түсіп, Бөрлі аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ол 15 сәуірде есін жинап, Орал қаласындағы көпсалалы ауруханаға ауыстырылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети