Оңтүстік Корея президенті Нұр-Сұлтанға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді.

Сапар аясында оның Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулері, сондай-ақ Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысуы жоспарланған.

Сурет ҚР СІМ баспасөз қызметінен