Алматы полицейлері көлік ұрлаушыларды қолға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері көлік ұрлаушыларды қолға түсірді

Алматы полициясы таяуда 11 авто ұрлау ісіне қатысы бар күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы таяуда 11 авто ұрлау ісіне қатысы бар күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұндай мәліметтерді криминалды полиция келтіріп отыр. Екі күдікті тек Mazda, Subaru, Honda және Nissan маркалы көліктерді ұрлайтын болған. 

"Айта кетейік, күдіктілер "ізін суытпай" ұсталды. "Боран - 091" патруль жасағы Саин көшесінде ізіне түсіп, олардың жолын бұғаттады. Сары нөмірлі Honda Odyssey автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабар "102" пультіне күндіз келіп түсті. Кейін анықталғандай, есірткілік мас күйінде болған екі ер адам Жансүгіров көшесінде көлік айдап кеткен. Патрульдік жасақ Абай даңғылында, Алтынсарин көшесінің қиылысында іздестірілетін көліктерді байқады. Минивенді басқарған ер адам полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбаған және жасырынуды ұйғарған. Күдіктілер жоғары жылдамдықпен Mitsubishi Pajero автокөлігімен арыққа түсіп кетті. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың мегаполис аумағындағы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаменті жол-патрульдік полиция полкінің командирі, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course down  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети