Ақтауда кәмелетке толмаған бес қыз тұрмысқа шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда кәмелетке толмаған бес қыз тұрмысқа шыққан © depositphotos.com

Ақтауда 16 жасқа толмаған бес қыз тұрмысқа шықты. Олар ерте жастан жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы ПД жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция басшысы Эльвира Қасанова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 16 жасқа толмаған бес қыз тұрмысқа шықты. Олар ерте жастан жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы ПД жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция басшысы Эльвира Қасанова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада"

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 19 қылмыс жасалған. Оның ішінде бесеуі жыныстық өміріне қол сұғылушылық болған. Осы деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау") бойынша іс қозғалған. 

"Бес жағдайда да қыздар өзімен жыныстық қатынасқа түскен ер адамға тұрмысқа шықты. Басқа істерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мұндай жағдайлар, көбіне баланың мектептегі өміріне ата-ананың салғырт қарауынан болады. Жыл басынан бері әр түрлі әкімшілік құқық бұзған 3002 кәмелетке толмаған балалар полицияға жеткізілген. Сонымен қатар, биыл бастапқы үш айда 16 ата-ананы бала тәрбиелеу құқығынан айырды. Төрт жасөспірім өміріне қол салмақшы болған. Қуанышқа орай барлығын дін-аман алып қалу мүмкін болды", - дейді Эльвира Қасанова. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети