Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Кристин Лагардқа Астана экономикалық форумына келгені үшін ризашылық білдірді.

"Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіз! Сіздің Астана экономикалық форумына арнайы келіп қатысуыңыз форум жұмысына да, Қазақстанға да тиімді боларына сенім білдіремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Халықаралық қор ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесінің дамуындағы маңызды үдерістер туралы пікір алмасты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.69  course up  562.33  course up  6.11  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети