Бағбан Тайымбетов СҚО прокуроры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағбан Тайымбетов СҚО прокуроры болып тағайындалды Бағбан Тайымбетов. © yk-news.kz

Бағбан Тайымбетов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратура сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағбан Тайымбетов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратура сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Бас Прокурорының 2019 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып 3-санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бағбан Тайымбетов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Тайымбетов 1963 жылы дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Прокуратура органдарында қызметін 1989 жылы бастаған. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласы прокурорларының орынбасары, сондай-ақ Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының прокуроры болды. Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі - 27 жылдан асады. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген жетістіктері үшін мемлекет Басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети