Ақтөбе облысы Ресеймен 1 миллиард 200 миллион АҚШ долларына сауда-саттық жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Ресеймен 1 миллиард 200 миллион АҚШ долларына сауда-саттық жасаған © Уикипедия

Былтыр Ақтөбе облысы көршілес Ресеймен 1 миллиард 200 миллион АҚШ долларына сауда-саттық жасаған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Былтыр Ақтөбе облысы көршілес Ресеймен 1 миллиард 200 миллион АҚШ долларына сауда-саттық жасаған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл жалпы көлемнің шамамен төрттен бір бөлігіне сай. Екі ел арасында бірінші кезекте ауыр өнеркәсіп өнімдері жүрсе, соңғы жылдары шағын және орта бизнестің де өркендеп тұрғандығы байқалады. Мәселен Ақтөбедегі ұн және ұн өнімдерін шығарушы кәсіпорын алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып, экспорттық мүмкіндіктерді кеңінен қолдануды көздейді. Қазір тәулігіне 550 тонна астық өңдейтін мекеме дайын өнімнің мың-мың жарым тоннасын ай сайын шетелге жөнелтеді.

"Қазіргі таңда Ақтөбеде 700-ден астам шетелдік капиталдың қатысуымен мекеме жұмыс істейді. Соның әрбір екіншісі ресейлік капиталдың қатысуымен жұмыс жасап жатыр", - дейді ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Алмас Салықбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети