Атырауда 35 үйді тонаған күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 35 үйді тонаған күдіктілер ұсталды © belta.by

Атырауда 35 үйді тонаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды ATPress. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олардан 150-ге жуық айғақ заттар тәркіленген. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 35 үйді тонаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды ATPress. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олардан 150-ге жуық айғақ заттар тәркіленген. 

"Пластик терезелерді ығыстыру әдісімен пәтерлерді тонаған қылмыстық топ жолында кездескеннің бәрін жымқырып келген. Қазіргі уақытта оларға қатысты 35 ұрлық фактісі анықталып отыр. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Полицейлер кейбір тәркіленген заттардың иелері белгісіз болуына байланысты қала тұрғындарынан өз заттарын таныған жағдайда №1 қалалық полиция бөліміне хабарласуларын сұрайды.

Сондай-ақ, полиция қала тұрғындарынан тұрғын үйлерге қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертеді:

"Пәтер ұрлығының алдын алу үшін азаматтардан өз мүліктеріне қырағылық танытуды сұралады. Терезелерге темір торлар орнату, бейнебақылау камераларын қондыру, үйді қараусыз қалдырмау сияқты шараларды қолға алу қажет", - дейді криминалды полиция басқармасының қызметкерлері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети