Допингке қарсы орталық тағы екі спортшыны жарыстан шеттетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Допингке қарсы орталық тағы екі спортшыны жарыстан шеттетті

Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым-салынған дәрі-дәрмек қолданған спортшылар тізімін жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Ресми сайттағы тізімде каноеші Валерия Копущу мен ММА өкілі Әсем Жәкенованың қан сараптамасынан тыйым салынған дәрілер табылғаны көрсетілген. 

"Валерия Копущудің сынамасынан қолдануға тыйы салынған оралтуринабол табылды. Сынама жарыстан тыс кезде алынған. Спортшы 4 жылға жарыстардан шеттетілді. Ал Әсем Жәкенова мельдоний қолданғаны үшін төрт жылға үлкен спорттан аластатылды", - делінген комитеттің сайтында.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортта допинг қолдануға нөлдік төзімділік бағытын ұстанады және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) таза спортшыларды қорғау туралы ұстанымын толығымен қолдайды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети