Бұл орасан шығын - Тоқаев Жайық өзенінде балықтардың қырылуы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл орасан шығын - Тоқаев Жайық өзенінде балықтардың қырылуы жайлы © ИА Regnum

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу мәселесін бақылауға алды. Президент Атырау облысының жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу мәселесін бақылауға алды. Президент Атырау облысының жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Жайықтағы балықтардың хлорға уланып, жаппай қырылуы бүкіл елді алаңдатты. 118 тонна балық қырылды, оның 108 тонна - бекіре тұқымдас. Балық зауыттарымыз 60 пайыз қуатымен ғана істеп тұрғанын ескерсек, бұл - орасан шығын. Мен бұл жағдайды тікелей бақылауға алдым", - деді Президент. 

Президент экологиялық жағдай басты мәселелердің бірі болып табылатынын айтты.

"Ең алдымен Каспий мен Жайықтың бірегей әлеуетін сақтау қажет. Атырау экологиясы - бұл тек облыс мәселесі ғана емес, біз оны шешуге назар аударуымыз керек", - деді ол.

Сондай-ақ Тоқаев таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін де қозғады.

"Гидравликалық құралдар ұзақ уақыт бойы жөнделмеді. 120 ұңғыма өңірдің су ресурстарына елеулі залал келтіреді. Олар жойылуы тиіс!" - деді Президент.

Айта кетейік, Тоқаев кеше Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети